АймақТеміртау

Қарағанды-Теміртау бағытына қатынайтын автобус саны көбейеді

Бұған дейін Қарағанды-Теміртау бағытында қатынайтын автобус санын арттыруға тендер жариялағанын жазған болатынбыз. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 17 сәуірден бастап №107 бағытта қатынайтын автобус саны 16 бірлікке артатынын мәлімдеді.  

– 31 наурызда Қарағанды ​​облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қарағанды-Теміртау бағытында қатынайтын автобус санын арттыру мақсатында конкурс өткізген болатын. Тендер ойдағыдай өтті. Енді бұл бағытта қатынайтын автобус саны 10-нан 16 бірлікке артты. Енді жаңа кесте әзірленуде. Тасымалдаушы автобустар мен жүргізушілерді дайындап жатырмыз, – деді басқарма мамандары.  

Естеріңізге сала кетейік, Теміртау тұрғындары автобус санының аздығын айтып, құзырлы органдарға талай мәрте шағымданған еді. Бұл маршрутқа №3 және №5 автопарк қызмет көрсететін. Сәйкесінше, жолға әр автопарк 5 автобустан жіберіп отыруы керек-тін. Алайда, тиісті автобустар уақытылы әрі толығымен желіде болмаған.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button