АймақТеміртау

Қарағандыда №107 бағытта қызмет көрсету құқығына тендер жарияланды

Қалааралық автобустарға ONAY! төлем жүйесі енгізілгелі бері жолаушылар тарапынан түскен шағым тым көбейіп кеткен. Әсіресе, Теміртауға қатынайтын №107 автобустың жолаушыларынан. Онлайн төлем жүйесі енгізілгелі бері автобус саны күрт азайып, аралық қашықтық сақталмайтын болған. Соның салдарынан автобус салоны бастапқы аялдамаларда лық толып, жүргізуші келесі аялдамаға тоқтамайтынды шығарыпты.

Теміртаулықтар бұл мәселені тез арада шешуді талап етуде. Себебі, Теміртауда Қарағандыға қатынап істейтін тұрғындар саны көп. Автобус санының аздығы әрі уақытылы жүрмеуінің салдарынан жолаушылар жұмысына кешігуде. Бұл мәселені облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жақсы біледі. Бірақ, мұндай мәселенің туындау себебі  «№5 автопаркте автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігінен» деп мәлімдеді.

Қазір басқарманың мәліметінше, бұл бағытқа №3 және № 5 автопарк қызмет көрсететін көрінеді. Екі автопарктен бес-бес автобустан қатынауы шарт. Алайда, барлық автобус толық  жолға шықпайды. Мәселен, 24 наурызда 10 автобустың 8-і ғана қатынаған. Қазіргі таңда осы олқылықтың орнын толтыру үшін Қарағанды қаласы әкімдігі тендер жариялаған. Автобус санын 16 бірлікке арттырып, №5 автопаркке басқа қалалардан жұмысшы тартуды жоспарлап отыр. Тіпті, жаңа жұмыскерлер үшін автотұрақта жатақхана құрылысы басталып кетіпті. 

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button