Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысының полиция департаментінің басшысы жас спортшылармен кездесті

Бүгінде жастар арасындағы түрлі қылмыстық оқиғалар елді алаңдатып отыр. Екі тараптың арасындағы жанжан үлкен төбелеске айналып, арты қайғылы оқиғалармен аяқталуда. Осы бір жайттың алдын алу мақсатында облыстың полиция департаментінің басшысы Санжар Әділов Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернатындағы жас спортшылармен кездесті.

облыстық полиция департаменті

Департамент басшысы спортта жүрген жастармен кездесіп, құқық бұзушылық тақырыбында сөз қозғады. Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің қай кезден басталатыны жайында әңгіме өрбітті.

– Елдің болашағы – сіздер. Біз сіздерге үміт артамыз. Спорт арқылы жас буын өкілдері арасында патриотизмді ұялататын бірден бір маман болып қалыптасасыздар. Сондықтанда сіздер ең алдымен заңдылықты сақтап, қылмысқа қарсы тұру кезінде өз қатарларыңызға үлгі бола білу қажет. Мен сіздерген сенемін. Спортта үлкен жетістікке жету үшін нашақорлық, ішімдік және сол секілді жаман әдеттерден бойыңызды аулақ ұстаған жөн. Сонда жеңіске жететін боласыздар! – деді Санжар Әділов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button