Жаңалықтар

Қарағанды облысының мектептері мен колледждерінде бір мезгілде қазақ күйлері орындалды

Бүгін облысымыздың барлық білім беретін мектептерінің, колледждерінің және қосымша білім беру ұйымдарының 10 мың оқушысы сағат 12.00-де Құрманғазының «Балбырауын», «Сарыарқа», А.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындап, «Күй күмбірі» атты республикалық домбырашылар  челленджіне қатысты.

Іс-шара шара білім алушыларды ұлттық рух пен отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған.

Акция Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button