Қарағанды облысында цифрлық теледидарды дамыту
Бүгінде өмірімізді негізгі ақпарат көздерінің бірі болып табылатын теледидарсыз елестету қиын. Телехабар тарату саласы заман талабына сай жаһандық өзгерістерге ұшырауда.
Аналогтық телехабар таратуды цифрмен ауыстыру – бұл әлемдік процесс, және Қазақстан «цифрлық» кеңістікті қарқынды дамытуда. 2012 жылдан бастап ел халқының 89% -дан астамы цифрлық форматқа көшті.
Аналогтық сигнал сыртқы әсерге тәуелді, кейде хабар жоғалып кетуі мүмкін, оны антенаның көмегімен ұстап алуға болады. Мұндай телехабар тарату жүйесінің кемшілігі – сигналдың әлсіздігі сурет пен дыбыс сапасының нашарлауына әкеп соқтырады. Нашар ауа-райында – жел, жаңбыр, найзағай кезінде- сигнал нашарлайды, және көрермен кескінді бұрмаланған дыбыс, немесе мүлдем дыбыссыз алады. Хабар тарату сапасына телестанцияның қамту аумағы да әсер етеді. Сигнал көзі мен теледидар арасындағы арақашықтық неғұрлым алыс болса, соғұрлым оның сапасы нашарлайды.
Бұрын аналогтық теледидар цифрлық телевизия пайда болғанға дейін телехабар таратудың жалғыз әдісі болатын. Ол аналогқа қарағанда жоғары қорғаныс пен сапалы сигналға ие, әрі қабылдау қашықтығы анағұрлым ұзақ. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрерменге өзінің бастапқы түрінде, шу мен бұрмаланусыз, тіпті шалғай орналасқан елді мекендерге де жете алады.
Цифрлық телевизиялық хабарды дамыту қол жетімді бағдарламалардың санын көбейтеді, интерактивті хабар таратуды енгізіп, халыққа қосымша қызметтер ұсынады. Бұл, сонымен қатар, халықты көп бағдарламалық телехабарлармен қамтамасыз етуге, елдің барлық тұрғындарына ақпараттық ресурстарға қол жеткізіп, теледидар бағдарламаларының бейнесі мен дыбыс сапасын жақсартуға септігін тигізеді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында 213 елді мекенді, бұл облыс халқының 80% – ын цифрлық эфирлік телехабар таратумен жалпы қамти отырып, 19 цифрлық радиотелевизиялық станция (бұдан әрі-РТС) пайдалануға енгізілгенін хабарлады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 14 РТС құрылысын аяқтау жоспарлануда, бұл Қарағанды облысы халқының 97% – ын тегін цифрлық эфирлік теледидармен қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 21 РТС жұмыс істейді, олар келесі елді мекендерде эфирлік цифрлық теледидар таратуды жүзеге асырады:
1 Қарағанды қ. (2012ж. енгізілген); 12 Сұңқар а.;
2 Жезқазған қ. (2012ж. енгізілген); 13 Кантай а.;
3 Ақсу-Аюлы к.; 14 Шешенқара а.;
4 Молодежный к.і; 15 Бесоба а.;
5 Осакаровка к.; 16 Көктас а.;
6 Қарағайлы к.; 17 Жарлы а.;
7 Ұлытау к.; 18 Аппаз а.;
8 Кәрім-Мыңбаев к.; 19 Ералиев а.;
9 Мойынты кенті; 20 Жыланды а.;
10 Егіндібұлақ а.; 21 Тоғыскен а..
11 Пионерское а.;