Аймақ

Қарағанды облысында кәсіпкер әдейі банкроттық жасағаны үшін 1 жылға сотталды

Қарағанды облысында серіктестік басшысы банкроттық рәсімінде мүлікті жасырғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша 2020 жылғы қарашада «А» ЖШС 114 миллион теңгеден астам берешегіне байланысты банкрот деп танылған.

Қасақана банкроттық белгілерін және борышкердің төлей алмау себебіне әкеп соққан әрекеттерді анықтау тәртібіне сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті серіктестік қызметіне талдау жүргізіп, қасақана банкроттықтың белгілері бар деген қорытынды шығарды.

«А» ЖШС заңға қайшы әрекеттер жасап, мүлікті жасыру арқылы 71 миллион теңгеден астам сомаға ЖШС балансындағы тауарлық-материалдық қорларды есептен шығаруды жүзеге асырған.

Осы факті бойынша «А» ЖШС басшысы мен жалғыз құрылтайшысына қатысты Қылмыстық кодекстің 238-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен «А» ЖШС лауазымды тұлғасы маусымда Қылмыстық кодекстің 238-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарда 1 жыл мерзімге ұйымдық-өкімдік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button