Қарағанды облысында 73,3 млрд теңгеге аудит жүргізілді
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылы үш бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржылық есептілігіне аудит жүргізді.

Тексеру бойынша 73,3 млрд теңге көлеміндегі қаражат қамтылды. Нәтижесінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу талаптарының 79,4 млн теңгеге бұзылғаны анықталды. Оның ішінде 64,6 млн теңге қаржылық, 14,8 млн теңге процедуралық бұзушылықтарға тиесілі.
Аудит барысында бюджетке 6,6 млн теңге қайтарылып, бухгалтерлік есеп бойынша 2,4 млн теңге қалпына келтірілді.
Негізгі анықталған кемшіліктер активтерді дұрыс сыныптамау, негізгі құралдарды негізсіз есептен шығару, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану және шарттар заңды күшіне енгенге дейін шығыстарды төлеуге қатысты болды.
Аудит қорытындысы бойынша үш бюджеттік бағдарлама әкімшісіне оң аудиторлық есептер беріліп, қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



