Коронавирус

Қарағанды облысында 11 адам коронавирустан сауықты

Бүгін Қарағанды облысында 11 науқас коронавирустан жазылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Сырқаттан сауыққандардың жетеуі Қарағанды қаласының тұрғыны. Ал, екі адам Теміртау қаласынан. Сондай-ақ, Шахтинск қаласында тұратын 1977 жылғы әйел адам мен Шет ауданының 1986 жылғы тұрғыны да сырқатты жеңген.

Аймағымызда коронавирустан жазылған науқастардың жалпы саны 57 адамға жетті. 

Басқа материалдар

Back to top button