Қарағанды гарнизоны қылмысқа жол бермейді

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полиция органдарында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңына сәйкес, әскери полиция органдарының құзырына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, жолын кесу, ескерту және жасалған құқық бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту кіреді.

Осыған орай, Қарағанды гарнизонының Әскери полиция бөлімінің қызметкерлері әскери бөлімдер мен мекемелер қызметкерлеріне заңның талаптарын және жауапкершіліктерін жеткізу мен оны кеңінен ақпараттандырып, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңының 11 мен 27 баптарына сәйкес барлық әскери қызметшілер және олардың жұбайлары 2016 жыл үшін табыс және мүлік туралы декларациясын, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 186 бабында көзделген декларацияны 2017 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсыруға міндетті. Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің барлық санаттағы әскери қызметшілері мен олардың жұбайлары 2016 жылға табыс және мүлік декларациясын белгіленген тәртіп бойынша толық тапсыру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Қарағанды гарнизонының Әскери полиция бөлімі жемқорлық сипатындағы қылмыстармен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және ескерту бойынша жұмыстар атқаруда.

Жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында Қарағанды гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердегі барлық дәрежедегі әскери қызметшілермен ҚР заңдарының сақталуы және қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершіліктер талаптарын жеткізе отырып, жеке немесе ұжымдық сұхбат түрінде алдын-алу іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері тарапынан әрбір жемқорлық фактісі немесе басқа да құқық бұзушылықтар Сізге белгілі болған жағдайда Қарағанды гарнизонының Әскери полиция бөліміне – Қарағанды қаласы Штурман көшесі, 3 мекен-жайына немесе 8 (7212) 42-20-75 телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.

Жанайдар ҚАЙДАРҰЛЫ,

Қарағанды гарнизоны Әскери полиция бөлімі

(сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі)

аға офицері, әділет майоры.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.