Жаңалықтар

Қарағанды дастарқаны – Елорда төрінде

    «ЭКСПО-2017» көрмесіне ат арытып келген қауымның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қарағанды облысы қалыс қалмайды. Дәлірек айтқанда, кеншілер аймағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерінің 8964,15 тонна азық-түлік артқан керуені көрмеге дейін және көрме барысында Астанаға қарай көш түзейтін болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарағанды аймағынынң аграрларына екшеп берген межесі – осы. Бұл азық-түліктің арасында ас атасы – наннан бастап, сиыр еті, шұжық, айран, май, қымыз, шұбат та бар. Атап айтқанда, Қарағанды Астана қонақтарына 370,1 тонна – сиыр етін, шұжық өнімдерінен – 544 тонна, айран, сүт өнімінен – 1324,8 тонна, маргариннен – 384,2 тонна, қымыздан – 28 тонна, шұбаттан – 5 тонна, женттен – 2 тонна, тәтті ірімшіктен – 5 тонна жеткізбек.

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сүйенсек, қала және аудан әкімдіктері арқылы елорданы азық-түлікпен қамтитын ауылшаруашылық құрылымдары анықталған. Соған сәйкес олардың бас қалаға тікелей азық-түлік жеткізетіндігі туралы меморандум жасалған екен.

Қарағандыдан нан өнімдерін жеткізушілердің қатарында Қарағандының «Қарағанды Нан» ЖШС, Теміртау қаласының «Бидай-Нан» ЖШС, Нұра ауданының «Ассорти Нан» ЖШС наубайханалары бар. Қонақтарды «Тұлпар» ЖШС, «Дедов» ЖШС (Саран), «Апрель-Құлагер» ЖШС (Шахтинкс) шұжықсыз қалдырмайды. Меймандардың аузын аққа жарытатындар, яғни, айран-аққа қарық қылатын – «Рен Милк» ЖШС (Теміртау), ««Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС. Маргаринмен қамту – май патшасы «Евразиан Фудс» ЖШС-не тиесілі көрінеді. Бұған қоса, ұлттық тағамдарды қосымша жеткізуге ұсыныс жасалған. Олар – қымыз, шұбат, құрт, жент, тәтті ірімшік. Ұлттық дәмнен шетелдіктерді ауыз тигізетін жаңаарқалық «Құрманов» жеке кәсіпкерлігі деп күтілуде.

Етпен елді тоқ қылу облыстың 8 ауданындағы шаруа қожалықтарға бұйырыпты. Бұл қожалықтардың өнімі – «Араз кз» ЖШС және «Коболев» ЖК ет өңдеуші кәсіпорындары арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы, мамыр айынынан бастап, қыркүйекке дейін азық-түлік жеткізудің кестесі әзірленген. Шұжық, сүт, май өнімдері дистрибьютерлік орталықтар және өңдеуші кәсіпорындардың өкілдіктері арқылы ұсынылады. Қазіргі таңда Астана қаласында дистрибьютер арнасы бойынша 789 тонна азық-түлік дүкен сөрелерінен орын алған.

Ет өнімдерімен астаналықтар және көрмеге келушілер көрме кезінде ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы қамтылады. Мұндай жәрмеңке өткізу орындары да анықталып, күні де белгілі. Айталық, Қарағанды облысы 24-25 маусым, 29-30 шілде, 26-27 тамыз, 23-24 қыркүйекте жәрмеңке көрігін қыздырады деп жоспарлануда. Жәрмеңкеге қатысушылардың да тізімі ендігі жасақталған көрінеді. Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, шұжық, нан өнімдері, балық саудаға шығарылып, мәдени-бұқаралық шаралар жұртшылықты ән-күйге бөлемек. Тегін қайырымдылық шаралары да назардан тыс қалмайды. Нақтылағанда, бауырсақ, қымыз фестивалі астаналықтар мен меймандарға қарағандылықтардың тартуы болмақ.

Өз тілшімізден.

24-25 маусым күндері Астана қаласында өтетін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері апаратын азық-түліктің болжамды көлемі

Өңірлер атауы

Ет (тонна)

Балық

(тонна)

Май-сүт өнімдері (тонна)

Нан-макарон және кондитерлік өнімдер (тонна)

Қымыз, бауырсақ (тонна)

Сиыр еті

Шошқа еті

Қой еті

Жыл-қы еті

Құс еті

Қарағанды

1

5

24

6

Саран

 2

4

Теміртау

5

2

Шахтинск

4

Балқаш

2

 2

Абай

1

 2

 2

2

150

0,4 

Ақтоғай

6

3

2

2

1

0,4

Бұқар жырау

3

 3

 1

5

200

1

1

 0,4

Жаңаарқа

6

3

2

 2

1

1,0

Қарқаралы

6

3

2

1

1

0,4

Нұра

6

2

2

1

 1

0,4

Осакаров

6

2

1

2

0,5

 0,4

Ұлытау

2

0,4

Шет

6

3

2

1

0,4

 Б??????арлығы

40

7

16

12

7

350

7

21

32,5

14

4,2

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button