АймақБас тақырыпҚарқаралы

«Қарағанды – Қарқаралы» бағытындағы жол жөнделеді

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев алдағы екі жылда «Жезқазған – Петропавл», «Шалқар – Қандыағаш», «Қарағанды – Қарқаралы», «Семей – Қайнар» және «Семей – Барнаул» бағытындағы жолдарға екі қабат асфальт төселетінін мәлімдеді. Сонымен қатар 20 жылдан бері жөндеу жұмыстарының кезегінде тұрған «Қарағанды – Қарқаралы» жолы да жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет e-history.kz

– Бұрын біз негізінен қаражат көзін халықаралық дәліздер мен облыс орталықтарын қосатын күре жолдарға бағыттаған болатынбыз. Облысаралық республикалық жолдар көп жылдардан бері жөндеу жұмыстарымен қамтылмаған болатын.

Аталған мәселені түбегейлі шешу үшін республикалық деңгейдегі 7 мың шақырымды қамтитын ауқымды жобаларды бастадық. Биыл Қазақстан Даму Банкінің қаражаты есебінен аталған жолдардың 2 мың 500 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Келесі жылы қалған 4 мың 500 шақырымда жұмыстар жалғасады, – деді ол.

Ведомство басшысы бұл жолдарға жаңа тәсілін қолданылатынын айтты.

– Жөл төсемесін «ресайклинг» әдісімен бекітіп, 2 қабат асфальт жабыны салып жатырмыз. Аталған технология жоба құнын реконструкциямен салыстырғанда 7 есеге арзандатуға және 2 есе жылдам жөндеуге мүмкіндік береді.

Бұл жобалардың қатарына 20 жылдан бері жөндеу кезегін күтіп отырған «Жезқазған – Петропавл», «Шалқар – Қандыағаш», «Қарағанды – Қарқаралы», «Семей – Қайнар» және «Семей – Барнаул» сияқты ірі жобалардың кіргенін атап өткен жөн, – деді Марат Қарабаев.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button