Бас тақырып

Қарқаралыда үш адамға қасқыр шапты

Таңертең Қарқаралы көшелерін серуендеп жүрген жабайы аңның адамдарға шапқаны туралы хабар бүкіл әлеуметтік желіні кезіп кетті. Көбісі адамға шапқан жабайы аңның ит болуы мүмкін деген болжам жасады.

Сурет: kznews.kz сайтынан

Алайда, Қарағанды облысының полиция департаменті қазір ветинспекция мамандары мен тәртіп сақшылары жабайы аңды іздеп, шағын қаланың көшелерін аралап жүргенін растады. Жабайы аң қазірдің өзінде бірнеше ит пен малға шабуыл жасаған.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы Қарқаралы аудандық ауруханасына жергілікті 3 тұрғынның  жарақатпен жүгінгенін хабарлады. Барлығы алған жарақатын емдеп, құтыру мен сіреспеге қарсы екпе алып, амбулаториялық емдеуге жіберілген. 

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Бір пікір

  1. Жабайы емес аң бола ма? Аң сөзіне “жабайы” анықтауыш ын жалғаудың қажеті бар ма еді? Бұл пәленің жыртқыш деген атауы бар ғой… Сәтсіз (бәлкім, сауатсыз) дайындалған ақпарат екен!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button