АймақҚарқаралы

Қарқаралыда ауыз су мәселесі болмайды

Ауыз су – Қарқаралы ауданында көптен бері қордаланып келе жатқан мәселе. Осыны толық шешу үшін жергілікті билік өкілдері тиісті жұмыстар атқаруда. Оған дәлел – «Жарлы-Қарқаралы» су құбыры. Ауыз су мәселесін шешу үшін осы нысанның құрылысы басталған. Жоспар бойынша жыл соңына дейін ел игілігіне берілуі шарт. Облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаев Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.  

Қарағайлы кентінде су құбыры мен кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ал, Талды өзенінің жанында сумен жабдықтауға арналған ұңғымалар бұрғыланған. Қазірдің өзінде ұзындығы 35 шақырымға жететін желі салыныпты. Бұл жұмыстар жоспар бойынша келер жылы аяқталуы керек. 

Бұдан бөлек, Бүркітті мен Теректі ауылында да су құбырлары салынуда. Ал, Томар мен Матақ ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңартылмақ.

Облыс әкімі құрылыс жұмыстарымен танысқан соң, көпшілікпен кездесті. Сұрақтарға жауап беріп, қордаланған мәселелерді көппен талқылады. кездесу барысында «Қарағанды-Қарқаралы» жолының жөндеу жұмыстары жалғасатынын баса айтты. Аудан ішіндегі жолдар да қалыпқа келтіріліп, Ақтасты-Айрық, Қарабұлақ ауылына кіреберіс жолдары жөнделетінін мәлімдеді.

Аудан әкімі Ерлан Құсайын Қарағайлы ауылына «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатынын растады. Қазірдің өзінде нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен қоса, ауылда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көшелер жарықтандырылады. бос тұрған апатты жағдайдағы  көпқабатты үйлерді бұзу жұмыстары басталды.

Жиын барысында аймақ басшысы аудан әкіміне кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп Қарқаралы ауданында туризмді дамыту бойынша үш жылдық жоспар әзірлеуді тапсырды. Айта кетейік, келесі жылы 200 жылдығын атап өтетін Қарқаралының өзінде бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button