АймақҚарқаралы

Қарқаралы ауданының дәрігерлері мен мәдениет және спорт қызметкерлері төрт жаңа көлік алды

Қарқаралы ауданының медицина қызметкерлеріне екі жаңа жедел жәрдем көлігі сыйға тартылды. Мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімдері үшін тағы екі шағын автобус сатып алынды.

Аудан әкімі Ерлан Құсайын медицина мамандары мен мәдениет және спорт қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілттерін табыс етті.

– Бізде ауданды дамыту бойынша жоспарларымыз көп. Атап айтқанда, денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарлама бойынша ауылдық елді мекендерде 20 медициналық мекеме салуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ мәдениет және спорт қызметкерлерінің проблемалары мен қажеттіліктері туралы да ұмытпаймыз. Олар біртіндеп шешілетін болады, – деп атап өтті Ерлан Құсайын.

Жедел жәрдем көліктерінің бірі аудандық орталық ауруханаға берілді.

– Жаңа жедел жәрдем көліктері заманауи талаптарға сай келеді. Бізде бар автомобильдер шамамен 20 жыл қызмет еткен және тозығы жеткен, – деді Қарқаралы ауданы ОАА директоры Дәурен Сейтпанов.

Тағы бір жедел жәрдем Егіндібұлаққа бөлінді. Ол құрамында жедел жәрдем бөлімшесі мен он төсектік күндізгі стационары бар жергілікті дәрігерлік амбулаторияның пациенттеріне қызмет көрсететін болады.

Ал жаңа ыңғайлы шағын автобустар шығармашылық ұжымдардың мүшелері мен спортшыларды байқаулар мен жарыстарға тасымалдайтын болады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button