Бас тақырып

Арқа журналистикасының абыройы

Кәсіби мерекеміз қарсаңында басталған марапат легі әлі де толастар емес. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан «Saryarqa» телеарнасының директоры Берік Дүйсетаев пен «Оrtalyq Qazaqstan» газетінің бас редакторы Қамбар Ахмет ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталғаны туралы сүйіншілі хабар жетті.

Сөз жоқ, бұл марапат – Арқа журналистикасының абыройы! «Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» әріптестеріміздің елеулі еңбегіне берілген шынайы баға.

Марапат шығармашылық тұлғаны қанаттандырады десек, өңірдегі іргелі екі БАҚ басшысының мәртебелі марапат иеленуі – жаңғыру, жаңару бағытында жасалып жатқан ілкімді ізденістің жемісі. Жалпы, марапат иелерін жалпақ жұртқа таныстырып жатудың өзі артық. Екеуі де – медиаменеджменттің мерейлі өкілдері. Ақпараттық технологияның жаңарған үлгісін қабылдап қана қоймай, дәстүрлі медиа игіліктерінің естен шығып, көштен қалмауы жолында тер төгіп жүр. Отандық БАҚ-тың олқы тұстарын дөп басып, оны дамытуға қарым-қабілетін сарп еткен сергектіктері және бар.

Қалай болғанда да, Қазақстанның жаңа сайланған Президентінің марапатын иелену – екінің бірі, егіздің сыңарына бұйыра бермес мерей! Абыройымызды асқақтатып, олжамызды еселеген мәртебелі марапат құтты болсын, Арқа жұрты!

***

Айтқандай-ақ, Аймақ айнасына айналған «SARYARQA» телеарнасы мереке қарсаңында ҚР Парламент Мәжілісі ұйымдастырған шығармашылық байқауда «Парламент сөзі» аталымы бойынша жеңімпаз атанған-ды. «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының өңірлік филиалдары арасында дәл осы аталым бойынша тұңғыш рет жеңімпаз атанып отырған да – біздің «SARYARQA».

Бәсекеде есе жібермей еселенген абырой құтты болсын, әріптестер!

Ерсін МҰСАБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button