ЖаңалықтарСпорт
Антон Толордава «Шахтердан» кетті
Тәжірибелі футболшы, «Шахтердің» орталық қорғаушысы Антон Толордава клубтан кетті. Биылғы маусымда 27 жастағы футболшы Қазақстан Премьер-лигасында 10 матчқа қатысқан болатын.
Бұған дейін футболшы грузиндік «Цхинвали» мен «Телави», эстониялық «Левадия» және сербиялық «Радницки» командаларында өнер көрсеткен. Айта кетейік, ҚПЛ бірінші турының қорытындысы бойынша «Шахтер» жеті ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында, Андрей Финонченко шәкірттері екі жеңіс пен бір тең ойынға ие.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.