Жаңалықтар

Антикалық философия қайнары

Тарих неден басталады деген сұраққа логикалық ойлаудан басталады деп айтамыз. Осы тұрғыда, Кени Энтонидің «Антика философиясы» атты кітабының ерекшелігі мен құндылығына келетін болсақ, қандай бір ғылыми ізденіс болмасын, олардың барлығы бір-ақ нәрсемен шұғылданады – ол «пайда болу» немесе бастау «себебін» табу. Себептің себебін анықтау дегеніміз – жаңалық ашу. Автордың жазған оқулық кітабының мазмұнының алғашқы тарауы «Бастау» деп аталады немесе философия тарихының және философияның шығу себебіне үлкен мағына бере отырып, үлкен және құнды ғылыми еңбекті бізге ұсынды. Екіншіден, қарастырып отырған ғылыми еңбегінің бастамасы Аристотельдің логикасын таныстырудан басталады. Логика ғылымды дұрыс ойлау заңдарымен таныстыра отырып әдістемелік жолдарды үйретеді. Үшіншіден, Милет мектебінен шыққан данышпан философтардың осы күнге дейін таныс емес еңбектерімен таныстырады. Төртінші, Аристотельдің формальды логиканың ойлау заңдарын қалай қолдануға болатынын көрсетеді. Бесінші, ең бір елеулі деп қарастыруға болатын жағы, Платонның идеализмі мен Аристотельдің, Сократтың материализімінің ара қатынасының, қарама-қарсылықтың күресу заңының прогресивтік жақтары өте жақсы көрсетілген.

Философияның негізгі мәселесі – сананың материяға, ойлаудың болмысқа қатынасы. Осы тұрғыдан алғанда философия адам проблемасын зерттейтін адамзат мәдениетінің ерекше саласы деп айтуға болады. Бүкіл философиялық жүйелер қай тұрғыда болмасын адам болмысының оның ойлауына қатынасы туралы мәселеге келіп тіреледі. Философияны айырықша білім саласы ретінде Платон енгізді. Платон мен Аристотельдің шығармалары өздеріне дейінгілердің ілімдерін сынау тұрғысынан талданса да, ол талдау сол жекелеген көзқарастарының жүйесіне бағындырылған. Ең алғашқы арнайы жазылған тарихифилософиялық шығарма – Диоген Лаэртскийдің «Атақты философтардың өмір тіршілігі, ілімдері және айтқандары туралы» еңбектері де қысқаша көрсетілген.

Философияның сана формасында пайда болуы белгілі бір қажеттіліктерге байланысты туындайды. Біріншіден, дүниені білу үшін ең алдымен ол туралы жалпы көзқарас болуы қажет. Екіншіден, дүниені тереңдей тану үшін ол туралы дұрыс, рационалды ойлау әдісі, логика және дүниетаным теориясы қалыптасуы керек. Бұл мақсатта аталған оқулық таптырмайтын құрал бола алады.

О.АЙТБАЕВ,

Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры,

философия ғылымдарының кандидаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button