«Анашыма ән арнаймын»
Қаладағы №12 «Ертегі» балабақшасының бүлдіршіндері аналар мерекесіне орай кеш өткізді.
«Ана деген – бәйтерегі өмірдің, Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!» деген тілектерін арнады. Тәрбиешілер Айдана Серікова және Әсел Абуова аналарды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады. Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында шаттық, мызғымас денсаулық тіледі. Бүлдіршіндер ұстаздары мен ата-аналарына жылы жүрек мейірімділігі мен ыстық ықыласқа құрылған тақпақтар арнады. Әжелер бала-шағаны бағып-қағу, өсіру секілді маңызды істерді әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі үйдегі ақ жаулықты аналардың арқасы екенін айтты.
Әсел Абуова: «Аналар – ұрпақты ұластыратын дүниенің тірегі. Махаббаттың асыл нұрын тарататын, әйел махаббаты. Адам жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ананың ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан тарайды. Баланың бойына ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды», – деді. Аналар мерекесіне арнаған кеште бүлдіршіндер би билеп, ән айтты.
Өз тілшімізден.