Теміртау

Аналар құрмет құшағында

  Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында халықаралық әйелдер күніне орай «Әйелдердің заманауи қоғамдағы рөлі» атты кеш өтті.

Шуақты көктемнің хабарын сүйіншілеп жеткізетін мереке қарсаңында өткізілген кешті Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының директоры Саида Жамантайқызы ақ тілегімен ашып берген соң жиналған жұрт әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. Орталықтың әдіскері В.Кутлуева тарихты өзгертуге себепші әйелдер ашқан өнертабыстары жайлы баяндама әзірлеп, оны қызықты слайдтармен көрсетті. Оның ішінде Астанада өтетін халықаралық « EXPO – 2017» көрмесіне қатысқалы жатқан Ләззат Аруова, Гаухар Зақымбаева мен Альмира Жылқашинова сияқты қазақ ғалымдарының жеткен жетістіктері мен ашқан жаңалықтары туралы әңгіме жұртшылықтың таңданысын тудырды.

Кеш барысында 11 перзентті дүниеге әкеліп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз қолынан «Алтын алқа» алған, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған батыр ана Ұлбосын Ахметова ақ тілегін арнады.

Осы күні ақ жаулықтыларды шуақты мерекесімен қаладағы 20 мектеп-лицейінің бірінші сынып оқушылары да құттықтады.

Орталық қызметкерлері Құрманшәді Ынтықбайұлы, Қуаныш Тыныбек пен Данияр Бисембаевтардың ән мен жырдан шашуларын шашты. Ал, «ҚР жеке кәсіпкерлікті дамыту мен ықпал жасау ассоцациясының» президенті Владимир Быков, «Меруерт» ОСК директоры Сәбит Тұяқов, «Арман» такси паркінің басшысы В. Иванов пен «Швейная фабрика» ЖШС-нің директоры А. Кривцов абзал жандарға сый-сияпат жасады.

Шолпан САНАҚБАЙ.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button