Аналар-ай

Аналар-ай, бастауы тіршіліктің,

Сынғанын қаламайтын бір шыбықтың.

Қадіріңді түсінбей

дер кезінде,

Талайлар жүрген шығар күрсініп мың.

Аналар-ай, абзалсың, байыптысың,

Сыйламаған жан болса, айыпты шын.

Адамзаттың бағбаны аналарым,

Қай құрметке болса да, лайықтысың.

Аналар-ай, нұрысың

жылылықтың,

Мейірімің тым шексіз сырын ұқтым.

Өзін ұлы ешқашан

санамайтын,

Ана деген биігі ұлылықтың.

Нұрдос КӘРІМ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.