Жаңалықтар

Ғалымдардың биігі

Қарағандылық ғалымдар ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен корреспондент-мүшелерінің қатарын толықтырды.

ҚР ҰҒА академигінің атағы «Фитохи­мия» халықаралық ғылыми-өндірістік хол­дингінің бас ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қайролла Рақымовқа берілді. «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі стероидты қосылыстар химиясы зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Бораш Төлеуов, Органикалық синтез және көмір химиясы институты директорының орынбасары, химия ғылымдарының докторы, профессор Серік Фазылов, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ химия факультетінің деканы, химия ғылымдарының докторы, профессор Еркебұлан Тәжбаев ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелері болып сайланды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен корреспондент-мүшелерінің 28 бос орнына сайлану конкурсына қатысу үшін 130-дан астам үміткер – түрлі ғылыми бағыттағы танымал ғалымдар құжаттарын тапсырды. Кандидаттардың баяндамалары тыңдалды. Олардың әрқайсысы өздерінің ғылыми бағыты, өткізілген зерттеулерінің өзектілігі мен басымдылығы және негізгі ғылыми жетістіктері туралы баяндады. Үміткерлер мұқият іріктеліп, бөлімшелерде құпия дауыс беріліп, кандидаттар туралы пікірлерді және олардың ғылымдағы ірі жетістіктерін ескере отырып, Жалпы жиналыс сессиясында дауыс беру арқылы Ұлттық ғылым академиясының жаңа мүшелері сайланды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button