Мағауия Сембай

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ. Жігіттің Қарқаралысы

Жанының шалқар ағысы,
Арқаның арқар арысы.
Жарқылдап өткен Жайсаңым –
Жігіттің Қарқаралысы.

Біртуар еді,
ірі еді,
елім деп соққан жүрегі,
Қазақтың баспасөзінің –
Қара нарының бірі еді.

Ақиқатым да,
Шындығым,
Қайғының түрдім түндігін.
Қарқаралыда қара орман –
Шайқалып кеткен күн бүгін.

Алтыннан еді қаламы,
Жалқыннан еді жамалы,
«Орталық» бүгін қаралы.
…Алдымнан шығар аңқылдап –
Арқаның аппақ самалы.

Өр Қасым тектес дауылым,
тарқағаны ма сауығың?..
бауырыңа салмақ түсті ме –
Байтаққа ортақ, бауырым!

Жүректің жасы тамады,
Жанымыз бүгін жаралы.
…Біздің де бастан бір дәурен –
Өзіңмен көшіп барады.
Қош, Мағаш аға!

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ.

Басқа материалдар

Back to top button