Бүгін Абай қаласындағы №410 референдум учаскесінде биылғы Алтын той иелері, ерлі-зайыпты Ошарап және Роза Айтжановтар дауыс берді.
Өз таңдауларын жасағаннан кейін Ошарап ақсақал:
– Бүгін біздің отбасымыз үшін тарихи маңызды күн. Біз өз таңдауымызды жасадық. Менің ойымша, бұл тек дауыс беру ғана емес,сонымен қатар әр азаматтың еліміздің одан әрі даму бағытын анықтауға қосқан үлесі де, – деген еді.
Алтын той иелеріне аталған учаскенің референдум комиссиясы да құрмет көрсетіп,естелік сыйлық табыстады.
Ержан ИМАШ,
Абай қаласы.
Ortalyq.kz