Бас тақырып

«Алтын Сұңқар» сыйлығы табысталды

Бүгін кәсіби мереке – Масс-медиа қызметкерлері күніне орай Қарағанды облысы әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығын салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімнің басында облыс әкімі Мемлекеттік наградаларды тапсырды. Журналистиканың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет Басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденімен ардагер журналист Кузнецова Екатерина, филология ғылымдарының докторы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ғылыми-зерттеу университетінің профессоры Абишева Вера марапатталды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

«Алтын Сұңқар» байқауы екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде үміткерлер арнайы интернет-ресурс арқылы өтініш берді. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша Қарағанды ​​облысының журналисттер қауымы дауыс берді.

Сонымен қатар жиналған дауыстардың ең көп саны бойынша әр номинациядан 3 үміткер анықталды.

Екінші кезеңде арнайы құрылған комиссия әр номинация бойынша іріктелген 3 үміткердің ішінен жеңімпаздарды анықтады.

Биылғы жылы «Алтын Сұңқар» байқауына түскен өтінімдердің жалпы саны – 116.

Барлығы «Алтын сұңқар» сыйлығымен 10 номинация бойынша 10 журналист және 1 жеңімпаз облыс әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.

2024 жылғы Қарағанды облысы әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығымен төмендегі әріптестеріміз марапатталды:

«Мамандыққа адалдығы үшін» номинациясы биыл 30 жылдығын атап өтетін Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің журналистика кафедрасына бұйырды.

«Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» номинациясы бойынша «Жаңа ФМ» радиостанциясының ұжымы үздік деп танылып, марапат радиостанция директоры Рустам Жамлихановқа табысталды.

«Объектив шебері» номинациясын «5 арна» ТА телеоператоры Алтынбеков Шалқар жеңіп алды.

«Ауыл тақырыбын үздік жариялау» номинациясы бойынша ауыл туралы үздік жарияланымдары үшін «Saryarqa» ТА «Жаңалықтар» қызметінің редакторы Мақсат Бейсенаев марапатталды.

«Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» номинациясы бойынша марапат «Бірінші Қарағанды» ТА журналисті Нар Жаңабекке табысталды.

«Өндіріс тақырыбын үздік жариялау» номинациясы бойынша «КТК» телеарнасының Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Бұқтаева Әйгерім үздік деп танылды.

«Алғашқы табыстары үшін» номинациясында eKaraganda.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Вологодская Евгения жеңімпаз атанды.

«Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» номинациясы бойынша облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің медицина және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Жансая Омарбекова үздік деп танылды.

«Мәнер және атқарымдылығы үшін» номинациясында «Saryarqa aqparat» ЖШС медиа холдингінің дизайнер-монтажшысы Калышева Лола жеңіске жетті.

«Әлеуметтік желілердегі өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» номинациясында «5 арна» ТА тілшісі Вабищевич Ирина марапатталды.

Облыс әкімінің «Қарағанды журналистикасының дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығына биылғы жылы алғашқы шығарылымының 85 жылдығын атап өтетін Бұқар жырау аудандық «Бұқар Жырау жаршысы» газеті ие болды.

Марапат иелерін құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button