АймақҚарқаралы

Алты әкім жаңадан сайланды

18 ақпанда Қарқаралы ауданы бойынша Қарқаралы қаласы, Егіндібұлақ, Қ.Аманжолов, Балқантау, Томар және Угар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті. Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын жариялады.

Сурет: Қарқаралы аудандық Сайлау комиссиясынан

Қарқаралы қаласының әкімі болып сайлаушылардың басым көпшілігінен дауыс алған Аслан Рахимұлы Рахимбергенов сайланды. А. Рахимбергенов 1985 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Қарқаралы ауданы, Балқантау ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясы ұсынған.

Егіндібұлақ ауылдық округінің сайланған әкімі – Бейбіт Айтмағанбетұлы Төлекеев, 1969 жылы туған, «Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бөлім басшысы, Егіндібұлақ ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған.

Ал Қ.Аманжолов ауылдық округінің әкімі болып Ербол Исатайұлы Жоламан сайланды. 1982 жылы туған, «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, маман. Қарқаралы қаласының тұрғыны. «AMANAT» партиясы ұсынған.

Балқантау ауылдық округінің сайланған әкімі – Ерсайын Саянұлы Қобыланды, 1994 жылы туған, «Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығы» ММ-нің директоры. Қарқаралы қаласының тұрғыны. «AMANAT» партиясы ұсынған.

Томар ауылдық округінің әкімі қызметіне Нұрсылан Рысбекұлы Жағыпаров қайта сайланды. 1990 жылы туған, бұған дейін де Томар ауылдық округінің әкімі болған. Томар ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясы ұсынған.

Угар ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімі – Жанат Рымханұлы Әкімов. 1967 жылы туған, «Рымхан» шаруа қожалығының жетекшісі. Қарқаралы ауданы Матақ ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған.

Халық сенім артқан жаңа әкімдер осы аптада қызметке кіріседі.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ

Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button