«Алтел» іске қосылды

    Қарқаралыда «Алтел» ұялы байланыс жүйесі іске қосылды.

Аталмыш байланыс операторының нөмірлері «Қазақтелеком» арқылы таратылуда. 3G интернеті енгізілген және айлық лимиті 20 гб, басқа операторларға 180 минут беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша барлық «Алтел» ұялы байланыс операторларына, алған «Алтел» нөміріңіз арқылы үй телефоныңызға тегін хабарласа аласыз. Айлық төлемі 799 теңге. Аталмыш байланыс операторының қызметін қала басындағы халықтан өзге, Қарағайлы кенті, Егіндібұлақ селосының тұрғындары да пайдалануда. Айта кетері, «Алтел» байланыс жүйесінің нөмірлерін алғаш болып алған бес тұрғынға «Қазақтелеком» АҚ-ның арнайы логотипі салынған футболкалар мен монопод, флешка сыйға тартты. Бүгінде байланыс операторының қызметін 30-ға жуық адам тұтынып отыр.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.