Алау эстафетасының аймақтық кезеңі

         26 қаңтарда 28 Бүкіл­әлемдік қысқы Универсиаданың Алау эстафетасының аймақтық кезеңі өтеді.

Теміртау қ. Алау эстафетасының қозғалыс маршруты

       Облыста Аймақтық эстафетаны ұйымдастыру мен өткізу бойынша өңірлік штаб құрылды. Оған облыс әкімі басшылық жасайды.

      Облыстағы жоғары оқу орындарында алау ұстаушыларға үміткерлердің тізімі құрылды. Комиссия 186 студенттің арасынан 60 үздік алау ұстаушыны іріктеп алды.

      Эстафетаны ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын еріктілерді (120 адам) іріктеу бойынша да жұмыс жүргізілді.

     Алау эстафетасының Дирекциясы, Қарағанды және Теміртау қалаларының әкімдігі, облыстың ІІД-мен бірлесе отырып, Алау эстафетасының қозғалыс бағытының сызбанұсқасы бекітілді. Қашықтығы – 12 шақырым (Теміртау қаласы – 3 шақырым, Қарағанды қаласы – 9 шақырым). Бағыт әрқайсысы 200 метрлік кезеңдерге бөлінді.

    Алауды жағу салтанатын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның №2 домна пешінен бастау жоспарланған. Алауды ҚР Президентінің серіктесі Қуаныш Омашев жағады.

   Алау ұстаушылардың қозғалысы барысында екі митинг ұйымдастырылады – Теміртау қаласы (ҚМИУ жанында) және Қарағанды қаласы («Шахтер» стадионы).

Қарағанды қ. Алау эстафетасының қозғалыс маршруты

    Алаудың жағылуымен қатар, ҚМИУ тау-кен факультетінің студенттері шахтаға түсіп, көмір өндіреді. Сосын өнімді «Қарағанды Арена» Мұз сарайына, Алау ыдысына жеткізеді.

   Алау ұстаушыларды барлық бағыттарда ЖОО-лардың, колледждердің студенттері қарсы алады.

   Алау эстафетасы «Қарағанды Арена» Мұз сарайында сағат 16.00-де мерекелік іс-шарамен және Мұз шоуымен аяқталады.

    Арнайы шыныға салынған алау сағат 21.05-те Алау эстафетасы техникалық делегатының және студент Абылайхан Жүсіповтің алып жүруімен «Эйр Астана» компаниясының ұшағы арқылы Алматы қаласына жіберіледі.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.