Бас тақырыпЖаңалықтар

Аланның асуы

Сингапурде үстел теннисінен ең мықты жас спортшылардың басын қосқан WTT Youth Star Contender халықаралық турнирінде 17 жастағы жерлесіміз Алан Құрманғалиев жақсы өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.

Алан – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын және қола жүлдегері.

– Аланның топтағы басты қарсыластары Австралия, Гонконг және Қытай теннисшілері болды. Ол екі ойыншыны оп-оңай ұтты, бірақ Алан кейін осы турнирде жеңіске жеткен Қытай спортшысынан тең матчта 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Барлық кездесу өте тартысты өтіп, Алан сенімді әрі сауатты ойнады, – дейді жаттықтырушысы Эльмира Алиева.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button