ЖаңалықтарСпорт

Алан әлем чемпионы атанды 

Тунисте үстел теннисінен жастар арасында өткен әлем чемпионатында қарағандылық Алан Құрманғалиев чемпион атанды. Аланның бұл жеңісі Қазақстан үстел теннисі тарихындағы алғашқы әлем чемпионатының жүлдесі еді. 

15 жас аралығында өткен жұптық сайыста Алан Құрманғалиев (жаттықтырушы Эльмира Алиева) Египет спортшысы Хана Годамен (жаттықтырушы Исмаил Хишам) жұптасып, финалға дейін жеткен. Ал, финалда португалиялық Тиаго Абиодана мен испаниялық Мария Берзоса жұбына қарсы ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетеді.

Бұған дейін олар жартылай финалда жапониялық қарсыластары Такуми Танимото мен Рин Мендемен ойнап, 3:2 есебімемен басым түскен.

Эльмира Алиева — Аланның жеке жаттықтырушысы. 7 жасынан бастап өзі дайындаған. Қазақстандық жанкүйерлер әлемдік турнирден жүлде алу мүмкіндігінің шамалы екенін айтса да, Эльмира бұған мойынсынбады. Алдына жоспар қойып, жеңіске талпынды. Нәтижесінде Әлем чемпионатынан жеңіспен оралды.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button