Жаңалықтар

Ғаламторға шектеу керек

 

Интернет біздің өмірімізді жеңілдетеді. Оның арқасында мағлұматтар жинай аламыз. Көп балалар бұрын адамдар ғаламторсыз қалай өмір сүрді екен деген сауалды жиі қояды. Қарап отырсақ, бұрын өмір сүрген адамдар ержүрек, талантты болған. Себебі, олар күні-түні интернетте отырған жоқ, өз-өздерін тәрбиеледі. Қазіргі көп жастар төсектен тұра салып осы интернетке кіреді, жұмыс жасап отырса да, тіпті, ас үстінде осы интернетте отырады. Көптеген балағат сөздер айтып, атыс-шабыс ойындар ойнайды. Бұл ойын болашақта оларды қандай азамат етіп тәрбиелейді? Алыс жақын туысты интернеттегі әлеуметтік желі арқылы көруге болады. Бұл интернеттің бір жақсы жағы. Мен интернетті қажет нәрсе деп есептеймін. Бұрын мен интернеттің жақсы жақтарын көретінмін, ал, қазір сұмдық жағдайлар орын алып жатыр. Қазір ғаламтордың пайдасынан зияны артып келеді. Өз-өзімізді қолға алып, ғаламтордың пайдалы жақтарын ғана қолданайық.

Сабина СӘБИТ,

С.Саттаров атындағы №57

мектеп-лицейінің 6 «а» сынып оқушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button