Референдум

Қала қонақтары қалыс қалмады

Таң атысымен маңайдағы жұрт Қарағанды машина жасау колледжінде орналасқан №63 референдум учаскесіне ағылды. Аталмыш учаскеге Ермеков көшесінің, Бұқар жырау даңғылының бір бөлігінің және №6 шағын аудан тұрғындары тіркелген. Сонымен қатар, дауыс берушілердің қатарында қала қонақтары да бар.

— Осы уақытқа дейін аталмыш мекенжайда тіркеуде тұрған 1837 тұрғынға шақырту жіберілді. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша 154 тұрғын, оның ішінде, 4-еуі қала қонақтары өз таңдауын жасады — деді учаске төрағасы Серікбол Шатинов.
Таңдау жасаған қонақтардың қатарында Жезқазғаннан келген Сәкен Құлахметов пен жары Әлия Кенжебаева да бар.
Ата Заңға енгізілетін толықтырулар және өзгерістермен толық таныспын. Жаңа қоғамға аяқ басу үшін үлкен өзгерістер қажет. Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдады. Ал, біз осы жолда дұрыс таңдау жасауымыз қажет. Сондықтан, ел ертеңі үшін таңдау жасауға келдім, — деді Сәкен ағамыз. Ал, Азамат Мұхаметқали есімді азамат іссапармен Қызылордадан келіпті.
Іссапарда жүрсем де референдум учаскесіне келіп, таңдауымды жасадым. Себебі, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер бәріміз үшін маңызды, — деді Азамат Махаббатұлы.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button