Теміртау

Қала көркі – жасыл желек

Теміртау және Қарағандыда дендрологиялық зерттеулер өткізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ тәуелсіз экологтармен кездесуі барысында мәлім болды.

 

– Теміртаудың дендрологиялық жоспарын құру бойынша байқау өтті. Жеңімпаз компания жұмысқа кірісе бастады. Келесі жылы, мемлекеттік сараптама өткен соң біз нақты жағдайды көреміз. Көгалдандыру бойынша қандай бағытта жылжу керектігін, көшеттерді түгендеу және құжаттандыру бойынша жұмысты бастаймыз, – деді Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов.

Мердігер – жергілікті компания «Строй-Аст» ЖШС. Компаниямен келісім-шартқа қол қойылды. Жобалауға жұмсалатын шығындар 20 млн. теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, «қара қарға» қатысты оқиғадан соң металлургтер қаласында облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасымен мемлекеттік органдар қоғам өкілдерімен және өндірісшілермен бірігіп, Теміртау қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар жобасы түзілді. Үш жылға шақталған кешендік жоспар бекітілді. Оған қатысты жұмыстар басталып кетті. Мамандардың сараптамалары мен ұсыныстарына сүйене отырып, ағаштарды отырғызуды ұлғайту қажет екені айтылған.

Дендрологиялық зерттеулер Қарағандыда да өткізіледі. Қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтың айтуынша, онымен мамандандырылған ұйым – Орман шаруашылығы және агромелиорация ҒЗИ айналысады. Бұл жұмыстарға 65 млн. теңге бөлінген. «Зерттеулер нәтижелері 2019 жылдың сәуірінде дайын болады» деп күтілуде.

 – Біз қала бойынша жасыл желектердің барлығын хаттауды сұрадық. Сол арқылы қай жерлерде кәрі ағаштарды алып тастап, қай жерлерге жаңаларын отырғызу керектігін біле аламыз. Біз мамандардың сараптамасы мен ұсыныстарын аламыз. Оның ішінде, біздің климатты, топырақ пен желді ескере келе қандай ағаш және бұталар түрлерін отырғызу керектігін білеміз, – деді Нұрлан Әубәкіров.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button