Жаңалықтар

Қала көркейе түспек

    Биыл Қарағанды қаласының көшелері, саябақтары мен гүлбақтары жаңартылады. Шаһар басшысы Нұрлан ӘУБӘКІРОВ қалалық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділеріне облыс орталығын абаттандыру тұжырымдамасын таныстырды.

Билік өкілдері қаланы жаңаша көгалдандыру мен безендіру туралы шешім қабылдады. Жолдардың бойындағы қоршауларға гүл өсірілген құмыралар қойылады. Тіреуіштер әртүрлі болады: үш және бес аяқты. Орталық Бұқар жырау даңғылында мың құмыра орнатылмақ. 

Сонымен қатар, жаңа шағын сәулеттік пішіндер де қаланың көркін келтірмек. Кейбір стеллалар мен құрылыстар сәулеттік жарық шамдарымен әрленеді. 

«Қала бойынша 10 жаңа шағын гүлбақтар жасау көзделген», деп хабарлады қала басшысы. Кеспетас төсеу, жарықтандыру, көгалдандыру, орындықтар орнату және қоқыс жәшіктерін қою қарастырылған. Есептеулер бойынша ең қымбат шағын саябаққа 9,8 млн. теңге, ал ең арзанына 3,8 млн. теңге жұмсалады. Жұмыстар мамыр айында басталып, шілде-тамызда аяқталмақ.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button