Қарқаралы

Алғашқы билет сатылды

   Қарқаралы ауданында «ЭКСПО – 2017» көрмесінің билеттері сатылымға шықты. Алғашқылардың қатарында көрме билетіне қол жеткізгендердің бірі – жеке кәсіпкер Жігер КӘРІМҰЛЫ.

Кәсіпкер «Қазпошта» АҚ-ның жергілікті бөлімшесінен ең алғашқы билетті сатып алды. Сөйтіп, көрменің кәдесыйына ие болды. Пошта бөлімшесінде әлі біраз сыйлық бар. Олар 100-ші, 500-ші және 1000-шы билеттің иегерлеріне табысталады.

Астанада өтетін көрменің әзірлік шараларына ел халқымен бірге қарқаралылықтар да үлесін қосуда. Мәселен, туризм кәсібін дөңгелетуді қолға алған кәсіпкер Бердіхан Қинай көрме алаңында киіз үйлер құрып, қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмыс-салтын танытатын этноауыл ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, көрме қонақтары Қарқаралы өңіріне келеді деп күтілуде. Бұл үшін «Қарқаралы – Сарыарқаның інжу-маржаны» туристік маршруты құрылған. Саяхат барысында «Шайтанкөл көлінің аңыздары» жобасы негізінде экскурсия ұйымдастыру қарастырылған. Бұдан бөлек, меймандар «Бәйтерек» даңқ галереясы, Құнанбай қажы мешіті, Абай тоқтаған үй, Мәди Бәпиұлы ескерткіші, аудандық тарихи-өлкетану мұражайы, көпес Рязанцевтің үйі, «ҚР Тұңғыш ғарышкері» аллеясы, табиғат мұражайы және зоологиялық вольер сынды нысандарды тамашалай алады.

Өз тілшімізден.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button