АймақҚарқаралы

Актерлік шеберлік сынға түсті

Атығай Шанин халық театрының режиссері Арайлым Құснидтенованың ұйымдастыруымен Қарқаралы қаласы Шолпан Жандарбекова атындағы мәдени-сауық орталығында актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық әртісі Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдығына арналған аудандық «Шолпан» театрлық қойылым сайысы өтті.

Осымен екінші рет өткен сайыс барысында қатысушылар «Аңдар әлемі», «Сиқырлы дүрбі», «Мәңгілік бала бейне», «Аққулар ұйықтағанда», «Бір атаның балалары», «Ашаршылық», «Бір шоқ жиде» ертегілерінен қойылым көрсетті.

Сайыс қорытындысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар анықталды. Бас жүлде – Аппаз ауылы балалар өнер мектебі филиалына (жетекшісі – Кәрім Алдиярхан), І орын Қарқаралы қаласының Мәди Бапиұлы атындағы №44 тірек мектебінің оқушыларынан құралған театр ұжымына (жетекшісі – Мөлдір Ктанова), ІІ орын Әлімхан Ермеков атындағы №2 орта мектебінің оқушыларынан құралған театр ұжымы (жетекшісі – Гүлназ Жайсаңбаева) мен Қарабұлақ ауылының №33 орта мектебінің оқушыларынан құралған театр ұжымына (жетекшілері – Ақжол Серікжан, Оңайгүл Тойбекова) бұйырды.

Ал, ІІІ орынды Ақбай-Қызылбай ауылының №24 негізгі орта мектебінің оқушыларынан құралған театр ұжымы мен (жетекшісі – Динара Өмірзақ) Егіндібұлақ ауылының №5 орта мектебінің оқушыларынан құралған театр ұжымы (жетекшілері – Алтынгүл Ибраева, Гүлмира Омарова) жеңіп алды.

– Біз сонымен қатар, театрлық қойылым сайысына қатысып, театр өнерінің дамуына өзіндік үлес қосқаны үшін Теректі ауылының №30 орта мектебінің оқушыларынан құралған театр ұжымын, «Үздік ер бала рөлі» номинациясымен Айбын Омарбайды және «Үздік қыз бала рөлі» аталымымен Сәнім Рымбайды марапаттадық. Өйткені, бұл қатысушыны ынталандырып, жігер сыйлайды. Алдағы уақытта тоқтап қалмай құлшына түсуге жетелейді, – деп атап өтті Қарқаралы аудандық білім бөлімінің әдіскері Майра Мәлікова.

Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды. 

Жәлел ШАЛҚАР,
Қарқаралы ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button