Басты тақырыпПоэзия

Қайтемін мен?..

 

Саған жазған xаттардың саны қанша?
Жаздым, бәлкім, жадымнан жаңылғанша…
Өзің жайлы соңғы Өлең жазылады,
Періште кеп бір күні жанымды алса!

Үлгеремін жалғыз жол жазып, бәлкім,
Жалғыздыққа іштегі жазықты әркім!
Мен бармайын демедім – жібермеді,
Сен келмесең – қағылған қазық бар-тын.

Уақыт-жүйрік өтті де, шаң қаптырды,
Аман жүр ме, айтыңдар ардақтымды?
Өмір өзі үзген кеп арамызды,
Өлең ғана үздігіп, жалғап тұрды.

Көктем, мүмкін, келеді қайта күлген,
Сен біреуді күтерсің қайта гүлмен.
Өмір өтер…
Бәрі де ұмытады.
Ұмытады. Ал мен ше?
Қайтемін мен?..

Жадыра БАЙБҰЛАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button