Референдум

Айман Қабышева: «Референдумға елдің ертеңі үшін келдім»

Жалпыреспубликалық референдумда өз таңдауын жасау мақсатында Балқаш қаласының тұрғыны, мыс балқыту цехның қызметшісі Айман Қабышева алғашқылардың бірі болып №184 учаскеге келді.

–Мен үшін референдумның маңызы жоғары. Референдумға елдің ертеңі үшін келдім. Саяси сындарлы сәтті пайдаланып, өз таңдауымды жасадым. 1995 жылдан бастап алғаш рет конституциялық реформа тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, оған еліміздің барлық азаматтарының қатысуы маңызды, – дейді Айман Қабышева.

Өз тілшімізден.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button