Бас тақырыпЖаңалықтар

Аймақта жұмыссыз жастар саны азаюда

Аймақта жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, өткен жылдың соңында өңірде NEET санатында 9 637 адам болса, бүгінгі таңда – 8 383. Дерекқорды өзектендіру және жұмыссыз жастарды анықтау жұмыстары жалғасуда.

Сурет: gov.kz

Облыс қалалары мен аудандарында “Жастар тәжірибесі”, “Бірінші жұмыс орны”, “Қоғамдық жұмыстар”, “Әлеуметтік жұмыс орны” мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат кең көлемде таратылуда, – дейді басқарма басшысы Айсұлу Ерниязова.

Жастар заңгерлік және психологиялық кеңестерді де тегін ала алады. Сондай-ақ, 16 мамырда облыста бос орындар жәрмеңкесі өтеді деп жоспарланған.

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев кәсіптік бағдарлау жұмысының маңыздылығын атап, сала жетекшілеріне тиісті тапсырмалар берді.

Жасөспірімдер әлеуеті мен мүмкіндіктері жас кезден басталатынын түсінуі қажет. Біз NEET жастарын анықтаумен және олардың үлесін азайтумен айналысамыз. Белгілі бір нәтижелер бар. Қалалар мен аудандарда белсенді жұмыс жүргізу қажет, – деді өңір басшысы.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button