Жаңалықтар

Аймақта полиция қызметкерлері мен мұғалімдердің бірлескен жұмысының қорытындысы шығарылды

Облыс полицейлері мен ұстаздардың кездесуі Қарағанды ​​облысының білім басқармасының ғимаратында өтті. Кездесуге облыстың аумақтық полиция басқармаларының бірінші басшылары, мектептер мен колледждердің директорлары қатысты.

Суреттер: облыстық ПД баспасөз қызметі

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында орын алып отырған мәселелер және оларды шешу жолдары, демалыс кезеңінде балаларды жұмыспен қамту болып табылады.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Исмағұлов жиналғандарға оқу жылында атқарылған білескен жемісті жұмыстар үшін алғысын білдірді.

– Жазғы демалыс қарсаңында әрбір оқушыға және оның ата-анасына құқық бұзушылыққа жол бермек туралы ақпарат беріп, оларға құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын түсіндіру қажет. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу ерекше өзекті болып табылады және мүдделі бөлімшелер мен жұртшылықтың тығыз өзара іс-қимылын талап етеді. Соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы қылмыс ерекше цинизммен және агрессивтілікпен ерекшелене бастады, – деді Құрманғали Ысмағұлов.

Полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты және балалар жасаған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жүргізілген талдау туралы баяндама оқыды.

Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар арасында есірткі және психотроптық заттарды тарату, жасөспірімдердің түнде қоғамдық орындарда өз бетінше жүруі және   ұрыс-керіс, қорлау сынды жиі кездесетін жағымсыз көріністер орын алуда.

Ұстаздар өз тарапынан шараға қатысушыларға өскелең ұрпақтың мәселелерін шешу жолдарын айтып, жазғы демалыста оқушылардың көңілін аулау тәсілдерін ұсынды.

– Жазғы демалыстың басталуына санаулы күндер қалды. Сондықтан директорлар учаскелік полиция инспекторларымен және ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп балалар сауықтыру лагерьлерінде күзет пен қоршаулардың бар-жоқтығына тексеру жүргізіледі, – деп қорытындылады сөзің Құрмағали Ысмағұлов. 

Полиция департаменті білім бөлімімен бірлесіп жазғы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Ақнұр МАРАТ,

Е.Бөкетов атындағы зерттеу университеті

журналистика бөлімінің ІІ курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button