Бас тақырыпМедицина

Аймақта қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынып жатыр

Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бұл қаражат бүкіл ел бойынша әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым жобаларын дамытуға бағытталуда.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Қарағанды облысында қайтарылған активтердің есебінен ауылдық денсаулық сақтау саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) жүйесін жаңғыртуға басымдық берілген.

Бүгінде өңірдің жеті ауданында 51 нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және медициналық бекеттер бар. Бұл жобалар ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, сапалы қызмет алуға мүмкіндік береді. Енді аудандық немесе облыстық орталықтарға барып, дәрігер қабылдауына жазылудың қажеттілігі азаяды.

Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік қорға қайтарылған қаражат есебінен Қарағанды облысына 5,9 млрд теңге бөлінді. Бұл сома медициналық нысандардың құрылысын аяқтауға бағытталды.

Сонымен қатар, ТКШ саласында да маңызды жобалар қолға алынған. Аталған қор қаржысы есебінен облыс аумағында 11 инфрақұрылымдық жоба — су құбыры мен су жүйелері желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалар биылғы жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button