Бас тақырып

Аймақта 1 млн. тоннадан астам астық жиналды

Аймақта биыл 1 млн. 300 мың тонна астық жиналды. Бұл көрсеткіш соңғы 11 жылдағы ең жақсы нәтиже. Сонымен қатар, өнімділігі 7 ц/га болатын 23,4 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Жергілікті қоймалар бүкіл егінді сақтауға дайын.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Өнімділіктіктің осыншама жоғары болуының негізгі факторларының бірі – мемлекет тарапынан қолдаудың болуы. Яғни, ауыл шаруашылығы техникасын уақтылы дайындап, жоғары сапалы тұқымдарды пайдалануында. Агротехнологияларды сақтап, отынмен қамтамасыз еткендіктен осындай көрсеткішке қол жетіп отыр.

– 9 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өндірісі ұлғайды. Нақты көлем индексі 116,7 % құрады. Астық өнімі бойынша ең жоғары көрсеткішке Абай, Бұқар жырау, Нұра және Осакаров аудандарының шаруашылықтары қол жеткізді. Гектарына 15 центнерден өнім жиналды. Сонымен қатар, биыл картоп бойынша да өнім жоғары болды. Атап айтсақ, 11,3 мың гектардан 299 мың тоннаға жуық өнім жиналды. Бұл аймақтың ішкі қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді. Нұра, Шет және Осакаров аудандарының шаруашылықтары көш бастап тұр, – деді Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин.

Ал, Нұра ауданының «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоптың айтуынша биылғы жыл ерекше болған. Жауын-шашын мен дәнді дақылдардың түрлі ауруы егінге үлкен кедергісін келтіргенін айтады. Алайда, мемлекет тарапынан болған қолдау жақсы нәтижесін берген.

– Шаруашылығымыз құрылғалы алғаш рет біз 65 мың тоннадан астам дәнді дақылдар, мың тонна майлы дақылдар, 27 мың тонна картоп жинадық. Біз картопты тоғыз жыл болды, өсіріп келе жатқанымызға. Бұл көрсеткішке жетуміз барлық білімі мен дағдысын, еңбегін сарп еткен фермерлеріміздің арқасы. Республика көлемінде өте жақсы өнім алдық. Үшінші класс астығымыз 40 %-дан асады, – дейді ол.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button