Аймақ шахтасында 2 жұмысшы қаза тапты
«Қазақмыс» корпорациясының Балқаш қаласының маңындағы «Саяқ-3» мыс-сульфидті шахтасында қайғылы оқиға болып, екі жұмысшы қаза болды.
Шахтада көміртегі газы бөлінген.
– Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қаза болды, – делінген «Қазақмыс» таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда қаза болу фактісі бойынша Балқашта Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу тобы оқиға орнын зерттеп жатыр.
– Оқиғаның мән – жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, – деп атап өтті компания.
Қаза тапқан кеншілер 1990 жылы туған Дулат Игембаев және 2001 жылы туған Мадияр Тұрысбаев.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz