Бас тақырып

Аймақ басшысы «Күнгей» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев «Күнгей» шағын ауданының тұрғындарын жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік сала мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты сан алуан сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, өңір басшысымен бірге мемлекеттік құрылымдар мен облыстық басқармалардан арнайы өкілдері қатысып, тұрғындардың сауалына жауап берді.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Аудан тұрғындарының басым бөлігі үй жанындағы бітелген кәріздің мәселесін көтерді. Кәріз желілері ешқандай кәсіпорынның балансына кірмейтін көрінеді. Сәйкесінше, талайдан бері тазартылмаған. Бірақ, «Қарағанды Су» бригадасы кәріз құдығының бетін ашып, балшыққа толып қалғанын анықтаған. Осы кездесуден кейін Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов желілерді тазартып, оны «Қарағанды Су» ЖШС балансына беретінін баса айтты. Ал, аймақ басшысы осы мәселені қысқа уақыт ішінде нүкте қоюды тапсырды.

Сонымен қатар, үй кезегінде бірнеше жылдан бері тұрған ІІ топтағы мүгедек тұрғын да облыс әкіміне мәселесін айтуға арнайы келген. Тұрғынның сөзіне сүйенсек, кезекте талай жылдан бері тұрған. Бірақ, әлі баспана кілтін ала алмай жүргендігін айтып түсіндірді. Бірақ, бұл тұрғынның мәселесімен шаһар басшысы да таныс. Ол биыл тұрғын үй кезегінде тұған жандар үшін 400-ге жуық пәтер берілетінін атап өтті. Аймақ басшысы да мәселені өз бақылауында ұстайтынын айтты.

– Түсініңіз, кезекте тұрғандар көп. Біз пәтерлерді барлық санаттарға пропорционалды түрде береміз. Біз ешкімді айналып өте алмаймыз. Биыл немесе келесі жылдың басында қоныс тойын атап өтетініңізге үміттенеміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. .

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button