Бас тақырып

Аймақ басшылары ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құттықтады

Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мере­ке­леріңіз ауыл шаруашы­лығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құт­тықтаймыз! Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз бен ма­­мандықтарыңызға адал­­­дықтарыңыздың ар­қа­сында біздің облыс айтарлықтай жетістіктерге жетіп, биылғы жылы рекордтық астық жинады.

Сурет Түркістан облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бұл – ауыл шаруашылығы саласына бар ерік-жігерін арнаған еңбеккерлердің ерен еңбегі. Егіншіліктің озық дәстүрлерін, сонымен бірге, тың технологияларды меңгере отырып, диқандар ел экономикасына еселі үлес қосты. Алдағы уақытта бұл үрдістің жалғасы үзілмей, әлі де табыстың тайқазаны толыса түсеріне сенім зор.

Сіздердің әрқайсыларыңыз аймақтың және бүкіл елдің дамуына баға жетпес үлес қосып, азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, экономикамыздың өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етесіздер. Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен жоғары кәсібиліктеріңіз – біздің өлкеміздің өркендеуінің кепілі.

Осынау мереке күні сіздерге қажырлы еңбектеріңіз бен қол жеткізген жоғары нәтижелеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, мықты денсаулық, бақыт, шаңырақтарыңызға бақ-береке ті­лейміз. Еңбектеріңіз жана берсін!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button