Көрме

«Ай жәдігері»: «Proof» сапалы монета

Кеше Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану музейде «Ай жәдігері» жобасы аясында Ұлттық валюта күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Proof» сапалы коллекциялық монета» атты көрме онлайн ашылды.

 

1993 жылы Қазақстанда қолма-қол ақшаның екі түрі қолданысқа енді – банкноттар мен монеталар. Қазақстанда банкнот фабрикасы өз жұмысын 1995 жылы бастады. Бүгінгі таңда теңге әлемдегі ең технологиялық және әдемі валюта болып саналады. Халықаралық банкнот қоғамдастығының арнайы байқауында үш рет «Жылдың үздік банкноты» атағын алды. 1992 жылы Үлбі металлургия зауыты негізінде Өскемен қаласында Қазақстан теңге сарайы құрылды. 1993 жылы алғашқы ұсақ монеталарды шығарды, ал 1999 жылы – күмістен жасалған «proof» сапасындағы алғашқы коллекциялық монеталар шықты.

– «Proof» – бұл монеталар мен медальдардың ең жоғары сапасы. «Proof» монетасының тегіс айналым беті мен қарама-қарсы күңгірт бедердің үйлесімі – басты айырым белгісі болып табылады. Осындай сападағы монеталарды жасау арнайы жабдықтар мен технологияларды қолдана отырып жасалады. Қазақстан тантал мен күмістен жасалған монеталарды өндіруге заңды түрде ие. Тантал сирек кездесетін металл, балқу температурасы – 3000 °C. Коррозияға ұшырамайды. Сонымен қатар, аэроғарыш саласында белсенді қолданылады, осыған байланысты металл кірістері бар алғашқы монеталарды ғарыш тақырыбына арнау туралы шешім де қабылданған, – дейді Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Светлана Трещева.

«Айдың жәдігері» айдарымен қойылған экспонаттарды бір ай бойы музейден көруге болады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button