Ахаң және «Қазақ» газеті
ХХ ғасырда Ресей империясында ұлттық-либералдық демократиялық қозғалыс өрістеді, монархиялық Ресей конституциялық жолға, экономикасын жаңғыртып, еуропалық ізге сала бастады. Қазақ зиялылары ресейлік жаңа реформаторлық буынының бір тармағы есебінде бой көтерді.
Сол кезде ұлт-азаттық қозғалысының бірден-бір көсемі болып Әлихан Бөкейханов шықты. Ол еуропалық тәрбие алған, еуразиялық деңгейдегі энциклопедист-ғалым, қоғам қайраткері еді. Әлихан қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық демократиялық, конституциялық, парламенттік күрес жолына салды. Ахмет болса, ұлт-азаттық қозғалысына гуманистік, ұлттық сипат берді.
Ахаң отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. Ол күрескен кесапаттар – надандық, қараңғылық, отаршылдық, ұлттың азуы мен тозуы, таланған жері, қансыраған тілі, жансыздана бастаған діні, орыстандырыла бастаған ділі болды.
Қазақ зиялыларының Әлихан, Ахмет бастаған тобына тән басты бағыт отаршылдыққа қарсылық еді. Ал, бұл бағыт барша халықтың мүддесіне сай болатын. С.Сейфуллин 1923 жылы 30 қаңтарда «Ахмет Байтұрсынов елуге толды» деген мақаласында: «Байлардан бөліп жарлы тобының ғана намысын жыртып, арын жоқтаған жоқ. Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей, намысын бірге жыртты, арын бірге жоқтады», – деп әділ көрсетті, (М.Қозыбаев. Тұлғалар тұғыры. А., 2009.190-б.). Бұл бүкіл ұлттың азаттық майданы еді…
Материалдың толық нұсқасын газеттің 27.06.2023 №71 (23 247) санынан оқи аласыздар.
Ерғазы ҚАДАШҰЛЫ,
тарихшы.