Бас тақырып
АЭС: таза энергия – уақыт талабы
Біздің елімізде АЭС құрылысын салу жөніндегі жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтетін белгілі. Соның алдында қазір қоғамда осы мәселе бойынша қызу талқылау жүріп жатыр. Себебі, Қазақстан бүгінде энергия тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауда. Ал бұл сұраныс жылдан жылға арта түсуде.
Сондықтан да әлемдік технологиялар дамыған шақта атом реакторлары да жаңартылып,баршаға қауіпсіз етіліп шығарыла бастады. Бізде салынып, орнатылғалы отырған 3,3+ жаңа буындағы реакторлар жіті зерттелген. Атом электр станциясы таза электр энергиясын өндірудің көзі болғандықтан да елімізде оның құрылысын салу заман мен уақыт талабы деп ойлаймын.
Ботакөз ТҮГЕЛБАЕВА,
Саран қаласы