АймақҚарағанды

Қадам – нық, таңдау – айқын

Ел саясатына қоғам мүшелері белсене араласуда. Бұған тұрғындарға таңғы 6:30 есігін айқара ашқан №170 референдум учаскесінің өкілдері куә.

Суреттер автордан

– Биыл тұрғындар ерекше ықыласпен келуде. Ала таңнан жүздері жарқын, қадамдары сенімді, таңдаулары айқын. Тіркелген 2400-ге жуық адамның жартысы сағат 11:00-ге дейін дауыс беріп үлгерді, – деді учаске төрайымы Амантай Согосбайқызы.

Расында, есіктен ағыла кірген жандардың қарасы көп. Участке өкілдерінің айтуынша, биылғы науқанға әскерилер мен қариялардың және 18 жасқа толған жастардың ынта-ықаласы басым көрінеді. Қазіргі таңда №170 учаскеге тіркелген тұрғындардың 50 пайыздан астамы өз таңдауларын жасап үлгерген. Тіпті, қол-аяғы қимылдауға келмейтін мүмкіндігі шектеулі жандар да өз таңдауынан шаңырағынан жасап, ел мүддесінен аянып қалмауда.

Жан АМАНТАЙ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button