АбайАймақ

Абай тұрғындары сенбілікті үйдің кіреберісенен бастады

Абай қаласының белсенді тұрғындары мен кәсіпкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілікке шықты. Олар «Таза кіреберіс» деген атаумен үйлерінің кіреберісінен бастап, ауладағы шашылған қоқыс қалдықтарына дейін жинап шықты.

Суреттер: облыс әкімдігінен

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері қаладан алты мың тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылыпты. Бүгінде, сенбілік шаралары әлі жалғасуда. Мамыр айының соңына дейін әлі де талай қоқыс шығарылады деп жоспарлануда.

Мәселен, үшінші шағын аудан, №9 үйдің тұрғындары тазалықты үйдің кіреберісінен бастады. «Виктория» ПИК төрағасы Марина Фролкина көршілерінің басын қосып, тазалық шарасына ат салысты.

– Үй тұрғындары сенбілікке әрдайым қосылады. Сенбілікке бірге шығып, айналаны қоқыстан тазартамыз. Әрі аулаға гүл егеміз. Кейбір адамдар балалар алаңын ластап кетеді. Одан бөлек, әткеншектерді де бұзып тастайды. Балалар күнде далада ойнап жүрген соң, аулада мұндай келеңсіз жағдайлардың болғанын қаламаймыз. Сондықтан, үнемі сенбілікке шығып, ауламызды тазалаймыз. Бізбен бірге қосылып, сенбілікке шығып жүрген жанашыр жандарға алғысымды айтамын, – деді Марина Фролкина.

Қоқыс тек ойын алаңдарында ғана емес, басқа аумақта да шашылған. Мәселен, «Шаңырақ» және «Гете» көшесінің қиылысы жылдар бойы тазаланбаған. Тұрғындар осы жайтты ескере отырып, аталған жерді қоқыстан тазартты.

– Қаланың тазарғанын көріп, қатты қуанып отырмыз. Нәтижесінде, заңсыз қоқыс үйінділері азайды. Біз өз қаламызды жақсы көреміз. Қашан да осындай сенбіліктерге қатысуға әзірміз, – деді кәсіпкер, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлнар Ағзамова.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button