Ресми

Абай ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті

Абай ауданының прокуроры Мақсат Әйтімбетовтың төрағалығымен биылғы жылға арналған қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Бұл жиынға Абай ауданы әкімінің орынбасары А.Асқаров, ішкі істер органдарының, пробация қызметінің басшылары мен орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың алғашқы басшылары қатысты.

Сурет el.kz

Жиын барысында аудан прокуроры атқарылған жұмыстар туралы мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалып, бірқатар түйткілді мәселелер талқыланды. Ағымдағы жылдың төрт айы аралығында ауданда құқық бұзушылықтың 5 пайызға азайғаны байқалды.

Десе де, ауыр зардаптары бар алты жол-көлік оқиғасы және көлікті мас күйінде басқару бойынша 21 жағдай тіркелген. Нәтижесінде, отырыс қорытындысы бойынша ұсыныс әзірленіп, оларды жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Нақты айтсақ, жаңа ведомствоаралық «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты іске асыру мәселесі жолға қойылды. Одан бөлек, бұл қатарда халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру және өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға көмек көрсету, полицияның модульдік пунктін орнату және қоғамдық орындарда бейнебақылау мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері де бар. Сондай-ақ, алкогольдік масаң күйде құқық бұзушылықтар жасау фактілері және кәмелетке толмағандар арасында суицидті азайту мәселесі қаралды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес прокуратура органдарының үйлестіруін талап ететін мәселелерді ескере отырып, тоқсан сайын өткізілетін болады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button